Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның жаңа мерзімге сайлануын қолдайды
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға жеделхат жолдап, онда Астананың осы әмбебап ұйымның алдағы уақыттағы дамуына тұжырымды көзқарасын және оның қазіргі басшысының жаңа уәкілетті мерзімге сайлануын қолдайтынын білдірген.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Президентінің пікірінше, БҰҰ бүгінгі таңда жаһандық қарым-қатынастың баламасыз құралы болып табылады, бұл ұйым аясында адамзаттың өзекті мәселелерін шешудегі халықаралық күш-жігерге Қазақстан белсенді ат салысатындығын көрсетеді. Осыған байланысты Н.Назарбаев «БҰҰ жұмысының тиімділігін арттыру мен оның қазіргі ығыттар және қауіп-қатерлерге ықпал ету мүмкіндігін күшейтуге бағытталған» Пан Ги Мунның жұмысына сәттілік тіледі.