Қазақстан Президенті Еурокомиссия төрағасымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланысты нығайту перспективалары қарастырылды.
Тараптар еліміз бен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығын атап өтіп, қарым-қатынастың одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді