Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге келді

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сапар аясында Қ.Тоқаевтың XVI жыл сайынғы халықаралық «Валдай» пікірталас клубының отырысына қатысуы жоспарланған. Сондай-ақ, ресейлік әріптесі Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізіледі.

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайларға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері бойынша сөзжарыстар болады.

Еске сала кетейік, «Валдай» халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқыланады.

Соңғы жаңалықтар