Қазақстан Президенті күзде Жапонияға сапарға баруға ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылғы күзде Жапонияға сапар жасауға ниетті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мен Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесу өткіздім. Біз күзде, менің Токиоға сапарым кезінде экономиканың әртүрлі секторларындағы біздің ынтымақтастығымызды дамытудың арнайы жоспарын қабылдау жөнінде уағдаластық. Жапония - көптеген бағыттар бойынша Қазақстанның әріптесі. Бұл ел бізге Семей полигонындағы сынақтар құрбандарын оңалтуда үлкен көмек көрсетті. Сондай-ақ АҚШ басшылығымен, атап айтқанда, Мемлекеттік хатшы Д.Керримен, Украина мен Мексиканың көшбасшыларымен кездесулер болды», - деді Мемлекет басшысы Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуы ауқымында қазақстандық БАҚ өкілдері үшін болған брифингі барысында

 

Соңғы жаңалықтар
telegram