Қазақстан Президенті Мәскеуде Жеңістің 75 жылдығына арналған шараға қатысады
«Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мәскеуде болуды жоспарлап отырмын. Бұл - біздің ортақ мерекеміз», - деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы әкесінің майдангер болғанын, ал ағасы Твер облысының Ржев ауылына қарасты Трубино ауылындағы бауырластар зиратында жерленгенін айтты.
«Сол үшін жергілікті билікке, сонымен қатар Ресей үкіметіне де алғысымды білдіремін. Жерлеу орнының барлығы да өте жақсы күтіп ұсталынған», - деді ҚР Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Иванов облысында соғыс уақытында қаза болған қазақстандық 73 жауынгер жерленген орын табылғанын еске салды.
«Біз, әрине Қазақстанда Ұлы жеңіс үшін жанын пида еткен жауынгерлерімізді есте сақтайтын боламыз», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, екі елдің көшбасшыларының кездесуі «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының XVI жылсайынғы отырысы алаңында өтті.