Қазақстан Президенті Мәскеудегі әскери парадқа барды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад басталды. Бұл - Жеңіс парады Ресей тарихындағы ең ірі шара.

Қазақстан Президенті Мәскеудегі әскери парадқа барды

Әскери парадқа 16 мыңға жуық адам мен 200 әскери техника қатысуда.

Парадты РФ Құрлық әскерінің Бас қолбасшысы Олег Салюков басқаруда. Сондай-ақ, Жеңіс шеруіне ТМД елдері мен достастық мемлекеттерінен - Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Моңғолия, Сербия, Қытайдан - 10 парадтық есеп қатысуда. Парадты РФ Президенті, Қарулы күштердің жоғары бас қолбасшысы Владимир Путин қабылдады. Мерекелік жиынға Мәскеуге Жеңіс күніне орай келген әлемнің 30-ға жуық елінің көшбасшылары қатысты. Парадты трибунадан соғыс ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, көптеген шетелдік қонақтар тамашалауда.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін, екі күндік ресми сапармен Мәскеуге барды.