Қазақстан Президенті ШЫҰ-ны бюрократиялық ұйымға айналдырмауға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында ШЫҰ мүшелерін ұйымды бюрократиялық бірлестікке айналдырмауға шақырды.
None
None

Мемлекет басшысы ШЫҰ еуразиялық кеңістікте өте маңызды ұйым екенін, осы ретте экономикада, қауіпсіздік пен гуманитарлық салада ынтымақтастық қарастырылғанын атап өтті.

«Уфадағы кездесуде біз лаңкестікпен күрес бойынша ортақ корпорацияны құруға келістік, яғни осы ретте біздің елдердің қауіпсіздігі ескеріліп отыр. Бұл өте маңызды. Мен ЕАЭО мен ШЫҰ-ның еркін сауда аймағын құруды ұсындым. Бұл бастама қарастырылуда, ал ресейлік тарап қолдау білдіріп отыр», - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Ташкенттегі ШЫҰ саммитінде ұйымға Үндістан және Пәкістан секілді жаңа мүшелерді қабылдау жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар Иранның қосылуы талаптары қарастырылмақ.

Президенттің сөзіне қарағанда, саммитің маңызды мәселелерінің бірі көлік пен логистика саласындағы ынтымақтастық болмақ. Бүгінде  Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» бастамасы өте маңызды. «Осы орайда қаржылық база, қор мен банк бар. Сондай-ақ «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы аталған бастамамен шектесіп отыр»,-деп тоқталды Н. Назарбаев.

Елбасы ШЫҰ мүшелері алдында тұрған негізгі мақсат ұйымды формасыз, енжар, «қағазбасты» бюрократиялық ұйымға айналдырмауда тұрғандығын қадап айтты. 

Соңғы жаңалықтар