Қазақстан Президенті Түркияның бұрынғы премьер-министрімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Түркияның бұрынғы Премьер-Министрі Ахмет Давутоғлумен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Түркияның бұрынғы премьер-министрімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ахмет Давутоғлудың екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түркияның бұрынғы Премьер-Министріне бүгінгі өткен Астана клубының отырысына белсенді атсалысып, өз ойын ортаға салғаны үшін ризашылық білдірді.