Қазақстан Президенті Украинадағы жағдайға баға берді

МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбындағы дәрісінде Украинадағы жағдайға баға берді.
None
None

«Бүгінде барша әлем Украина туралы сөз қозғап жатқанда, мен бұл мәселені айналып өте алмаймын. Мен жас кезімде Украинада білім алғанымды білесіздер және Украина халқының тағдыры маған әрқашан жақын болатын, қазір де барлығымызға немқұрайлы емес. Ол елде болған күйзеліс мен үшін ауыр тиді. Украина КСРО заманында өнеркәсіптік әлеуеті жағынан екінші орында болатын, мен ол жерде оқыдым, сондықтан ол елдің индустриалдық қуатын көзбен көрдім, ол жердің барлық металлургиялық зауыттарында болып қайттым. Аграрлық кешеннің мүмкіндіктері қандай еді. 20 жыл бұрын Украинаның өзінің жолымен жүріп, бойын тіктеп алуына үлкен мүмкіндік болды», - дейді тарихқа көзге тастаған Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Украинаға саясатпен емес, экономикалық реформаларға ден қою керек болған. Бірақ ол елдің басшылығы саясатпен тым әуезе болғандығы елді тығырыққа тіреген.

«Тәуелсіздіктің 20 жылында Украинада жергілікті экономикаға, қарапайым адамдардың әл-ауқатына емес, негізінен саясатқа үлкен көңіл бөлінді. Украинадағы дағдарыстың басты себебін осыдан көріп отырмын. КСРО-да екінші экономика болған қуатты ел, бүгінде Қазақстанның дамуынан 35 пайызға қалыс келе жатыр. Украина бауырлас еліне шын жүректен тезірек экономиканы қалпына келтіруге, тұрақтылыққа, келісімге және бірлікке жетуді тілейміз. Жағдай қандай бағытқа ойысса да, Украинаға бізбен бірге әріптестікті жалғастырудың пайдасы зор болмақ. Арамыздағы саяси қарым-қатынастарымызда және ой-пікірімізді білдіруде қатты кетпеу қажет», - деп түйді ойын Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум