Қазақстан Президенті Үндістанда «Акшардам» храмында және ұлы моғол билеушісі Хумаюнның кесенесінде болды

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанға сапары аясында кеше әлемдегі ең үлкен«Акшардам» индуистік храм мен ұлы моғолдық билеуші Хумаюнның кесенесінде болып,
None
None
бұл елде көптеген ғасырлар бойы орын алып келе жатқан конфессиялық бейбітшілікке лайықты баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Н.Назарбаев сондай-ақ үндінің танымал ғалымы, Энергетика және ресурстар институтының директоры Раджендра Пачауримен кездесті. Доктор Пачаури қазіргі уақытта Климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық комиссияға жетекшілік етеді. Үнді ғалымы бұрынғы вице-президент Альберт Гормен бірге 2007 жылы аталмыш ұйымның атынан Нобельдік әлем сыйлығын алған болатын.
Соңғы жаңалықтар