Қазақстан Президенті волонтерлердің «Birgemiz» фронт-кеңсесін салтанатты түрде ашады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі жұмысына ресми түрде бастау береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады.

Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.


Соңғы жаңалықтар