Қазақстан Президентін халық жақсы көреді - Т.Ширмер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық ұлттары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы көреді. Бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісіне Астанадағы украиндықтардың «Оберег» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тамара Ширмер білдірді.

Қазақстан Президентін халық жақсы көреді - Т.Ширмер

«Барша қазақстандықтарды Шығыстың ұлы мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Осынау тамаша күнде бейбітшілік, бақыт және тыныштық тілеймін. Біз тамаша мемлекетте тату-тәтті тұрып жатырмыз. Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар бір шатыр астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Президентіміз, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық тілеймін. Біздің барлығымыз, барлық ұлттар оны жақсы көреді», - деді Т.Ширмер.