Қазақстан Президентінің кубогы үшін Астанада ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада шілде айында ауыр атлетикадан тұңғыш рет Қазақстан Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир өтеді.

Қазақстан Президентінің кубогы үшін Астанада ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтеді
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Анатөлі Құлназаров бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Илья Ильиннің бастамасы бойынша шілде айында Астанада ауыр атлетикадан ҚР Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир өтеді. Өзінің атақты спортшыларын астаналықтар да көруі керек. Қазір оған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Туризм және спорт министрі Тимур Досмұхамедов», деді Анатөлі Қожекенұлы. Оның айтуынша, бұл жарысқа әлемнің ең мықты атлеттері қатыспақ. Қазірдің өзінде оған ресейліктер өзінің жетекші спортшыларынан құралған командасының келетінін қуаттап отыр. ҚР Президенті кубогы үшін өтетін бұл турнир демеушілер қаржысымен өтеді деп жоспарланған.