Қазақстан Президентінің Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды. Мемлекет басшысын әуежайдан Өзбекстанның Премьер-министрі Абдолла Арипов шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентінің Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды.

ҚР Президентін ШЫҰ Саммиті өтетін жерде Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөз сөйледі.



Фото: t.me/bort_01