Қазақстан Президентінің Жолдауы елдің болашақ дамуының шеберлік жоспары болып табылады - доктор Мондира Дута
АСТАНА-НЬЮ-ДЕЛИ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Ауқымды мәліметтер базасына ие Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елдің болашақ дамуы үшін дағдарысқа қарсы тұру жөніндегі шеберлік жоспары болып табылады.
Бұл туралы Дж.Неру атындағы университеттің халықаралық зерттеулер мектебінің Оңтүстік, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия және Оңтүстік-Батыс Тынық мұхиты аймағын зерттеу орталығының профессоры, доктор Мондира Дута мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан Президентінің Жолдауы жақсы басқару үшін қажетті екі басты мәселемен: ашықтықпен және қоғамдық қызметтерді қамтамасыз етумен ерекшеленеді. Жаһанданған әлемде дағдарыс кез-келген сәтте тууы мүмкін, бірақ төтенше жағдайларға дайын Үкімет жақсы басқарудың арқасында оған әрқашан қарсы тұра алады», дейді ғалым.