Қазақстан Президентінің Жолдауын «дағдарысқа жарияланған соғыс» деп атауға болады - қытай сарапшысы
БЕЙЖІҢ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - «Нұрсұлтан Назарбаевтың мазмұны жағынан бай және үлкен ойларға жетелейтін Жолдауына мен шынайы жоғары баға беремін», - деп мәлім етті Қытайдың Азия және Африка елдерімен ынтымақтастықты дамыту кеңесінің мүшесі,
Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яо Пэйшен бейсенбі күні Бейжіңде Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» отырысында Қытай сарапшысы Н.Назарбаевтың Жолдауын «дағдарысқа жарияланған соғысқа» теңеп, аталмыш үндеудің «ілгері қарыштауға бағытталғанын және оның адамдарға бастарына түскен проблемаларды шешуге деген серпін беріп отырғанын» атап көрсетті. Құжатта ішкі және сыртқы ахуалға терең талдау жүргізілгенін, бүгінгі күнгі жағдайдың шынайы мазмұндалғанын айтып өткен сарапшы, «ең бастысы, Президент аса өзекті және күрделі проблемаларды шешудің «іскерлік» бағдарламасын ұсынып отыр»,- деді. Жолдауда ұсынылған шаралардың барлығы, ең алдымен қоғамдағы ахуалды көрсетіп отырғанын және оның қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, экономиканы жаңартуға бағытталғанын атап көрсеткен Яо Пэйшен, «бұл кейбір елдерде қолға алынып отырған белбеуді тарта түсу саясаты емес, халықтың қолдауына ие болып отырған саналы таңдау», - деді өз сөзінде.Сөз соңында Яо Пэйшен Қазақстан мен Қытайдың арасындағы ынтымақтастықты арттыруға шақырып, «Н.Назарбаев өз Жолдауында айтқан «өз күшімізге ғана сену» сөзі өзге елдермен ынтымақтастықты жоққа шығармайтынын айтып өтті. Мысалы, Шанхай ынтымақтастығы аясында немесе посткеңестік кеңістіктің аймақтық ұйымдары арасында әрекеттесудің тетіктері баршылық.«Қазіргі қиын-қыстау заманда ынтымақтастық ерекше маңызға ие болып отыр. Біз бай елдердің көмегіне иек артып отырған жоқпыз, біз өзіміздің күшімізге ғана сенудеміз. Бірақ та біз тығыз ынтымақтаса аламыз. Бұл мақсаттағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы көптеген елдерге үлгі болар еді», - деп түйіндеді сөзін Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі.