Қазақстан прогресс жолында нық ілгерілеп барады - Шейх-Уль-Ислам Аллахшукюр Пашазаде

Дін
Фото: Солтан Жексенбеков/ҚазАқпарат

Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысында Кавказ Мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллахшукюр Пашазаде айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Осынау жалпыазаматтық маңызды бастаманы көтеріп, тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасап отырған Қазақстанға және оның көреген саяси басшылығына шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан Президенті, жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан прогресс және өнегелі даму жолында нық ілгерілеп бара жатыр. Елдегі мәдени және рухани мұраны, сонымен қатар саяси және экономикалық салаларды дамытуда үлкен жұмыстар жүргізіліп, маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылып жатыр», - деді Шейх-Уль-Ислам Аллахшукюр Пашазаде.

Сонымен қатар ол Қазақстан алдағы уақытта да дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту процесінде маңызды рөл ойнайтындығына сенімді екендігін баса айтты.

«Әлем үлкен күйзелісті бастан кешіріп жатқан қазіргі сәтте адамдардың ынтымақтастығы идеясы бұрын-соңды болмаған маңызға ие болып отыр. Және де адам өмірін қорғау барлық уақытта да бұлжымас басымдық саналады. Бұл Алла тағала сыйға тартқан қасиетті құндылық. Өркениеттердің қақтығысуына түрткі болуға тырысу әлемде үлкен апаттың шегіне шығаруы мүмкін», - деді Кавказ Мұсылмандары басқармасының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар