Қазақстан-Ресей арасындағы тауар айналымы $350 млн-нан асты - Әлихан Смайылов

премьер
Фото: ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанаға делегациямен келген Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті - деп жазады ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.  

Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі.

Бұған 2022 жылы тауар айналымы көлемінің 10%-ға өсіп, $27 млрд-қа жеткені дәлел.

Өткен жылдың 11 айында да арадағы сауда-саттық жақсы нәтиже көрсетіп, шамамен $24 млрд-ты құрады.

«Қазақстан-Ресей сауда қатынастарының дамуына Башқұртстан Республикасы елеулі үлес қосуда. Аталған кезеңде өңірлер арасындағы тауар айналымы $350 млн-нан асты. Осы ретте арадағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін зор әлеует бар», — деді Әлихан Смайылов.
кездесу
Фото: ҚР Үкіметі

Өз тарапынан Башқұртстан басшысы өнеркәсіп кооперациясын одан әрі тереңдетуге және сауда қатынастарын дамытуға қызығушылық танытты.

«Біздің кәсіпорындарымыздың экономикалық ынтымақтастығы артып келеді. Мүмкіндіктер енді ғана іске асырыла басталғанын көріп отырмыз. Тауар айналымын одан әрі ұлғайту алдағы жылдардағы ортақ міндетіміз деп санаймын. Бұл үшін тиісті алғышарттардың барлығы бар», — деді Радий Хабиров.
Соңғы жаңалықтар