Қазақстан Ресей арқылы Германияға мұнай тасымалының тоқтатылғанын жоққа шығарды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның Энергетика министрлігі төлем мәселесіне байланысты Ресей арқылы Германияға жеткізілетін мұнай тасымалының тоқтатылғанын жоққа шығарды.

нефть
Фото: Kazinform

Осыған дейін Reuters агенттігі Ресей Қазақстан тарапын төлем мәселесіне байланысты Германияға мұнай тасымалы 2024 жылдың маусымынан бастап тоқтатылатыны туралы ескертті, деген ақпарат таратқан болатын.

Онда аталған сервис келісімінің мерзімі 5-маусым күні аяқталатыны айтылған. Алайда келісімнің шарттары мен Ресей алғысы келетін қаржы көлемі туралы ештеңе айтылмаған.

«Транснефть» кейінгі аптада қазақстандық тасымалдаушыларға Польшаның мемлекеттік құбыр желісі операторы PERN-нің өзінің Польша-Беларусь шекарасындағы Адамов базасында газды өлшеу бойынша қызметінің құнын үш сауда көздері бойынша маусым айына дейін төлеуі қажеттігі туралы ескерткен», - деп хабарлады Reuters.

Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты растамады.

«Бізде мұндай ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.

Соңғы жаңалықтар