Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы келісімге өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы келісімге өзгерістер енгізілді

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.