Қазақстан-Ресей шекарасынан бір табын малды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің батысында орналасқан Жәнібек шекара отрядына қарасты «Жәнібек авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары біріне ірі қара мал, екіншісіне жылқылар тиелген екі жүк машинасын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан-Ресей шекарасынан бір табын малды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Барлығын қосып санағанда ірі қараның саны 45 бас болып шықты. Ешқандай құжаты жоқ «Камаз» және «Газ» жүк көліктеріне тиелген осыншама малды 29 жастағы жерлесіміз көз қысты, бармақ басты жолмен Ресей Федерациясынан Қазақстанға алып өтпек болған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық кодексінің 406-бабының 1-бөлігіне сәйкес, аталған дерек бойынша Жәнібек аудандық ветеринарлық бақылау комитеті хабарландырылды.