Қазақстан-Ресей шекарасында 1 келіге жуық марихуана алып өтпек болғандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресейлік шекарада орналасқан Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң - авто» бақылау-өткізу бекетінде бір келіге жуық есірткіні алып өтпек болған ресейлік үш азаматты қазақстандық шекарашылар ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Нақтырақ айтқанда, елімізден ресей жеріне қарай кетіп бара жатқан «Лада гранта» автокөлігін шекаралық тексеру кезінде қызметтік ит оның әртүрлі бөлігіне жасырылған бір литрлік екі бөтелке, жарты литрлік бір бөтелке және екі түйіншек тапты. Алдын ала жасалған сараптама қорытындысы аталған заттардың марихуана екендігін көрсетті.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram