Қазақстан-Ресей шекарасында 5000 дана қой терісін заңсыз алып өтпек болған жолаушы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық-ресейлік шекарада үлкен көлемде қой терілерін заңсыз өткізуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Қазақстан-Ресей шекарасында 5000 дана қой терісін заңсыз алып өтпек болған жолаушы ұсталды

Атап айтқанда, Орал шекара отрядына қарасты «Тасқала авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды жалпы салмағы 18 тонна болатын, 5000 дана қой терісін өткізуге әрекеттенген Ресей Федерациясының азаматының жолын кесті. 

Аталған азамат елімізден Ресей мемлекетіне қарай кетіп бара жатқан. Қой терілері жартылай тіркеменің ішінен табылды.