Қазақстан-Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктінің аумағы кеңейтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан-Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктінің аумағы кеңейтіледі. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазақстан-Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктінің аумағын кеңейту, қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды жаңғырту, жаңа жабдықтармен, оның ішінде стационарлық 2 инспекциялық тексеру кешенімен (Rapiscan Eagle және т.б.) жабдықтау, төлқұжат бойынша тексеру кабиналарының санын ұлғайту, қозғалыс жолақтарын кеңейту (іске асыру мерзімі 2025 жылға дейін) көзделген», - деп жазды Үкімет басшысы.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстанға тиесілі шекара маңындағы өткізу пункттерінде 44 инспекциялық тексеру кешені жұмыс істейді.

«Сонымен қатар, бірқатар жабдықтар ескірген және 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді (ал қндірушілер жабдықтың жұмысына 10 жылға дейін ғана кепілдік береді). Техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде қызмет көрсететін сервистік компаниялар қажетті регламенттік жұмыстарды, істен шыққан қосалқы бөлшектерді ауыстыруды және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», - делінген Премьер-Министрдің жауабында.


Соңғы жаңалықтар