Қазақстан - Ресей тандемі ауқымды Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың мығым факторы болып табылады - Е. Қазыханов

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан - Ресей тандемі ауқымды Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың мығым факторы болып табылады.

Қазақстан - Ресей тандемі ауқымды Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың мығым факторы болып табылады - Е. Қазыханов

Бүгін ҚР Cыртқы істер министрлігінде өткен ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы барысында сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ержан Қазыханов осылай мәлімдеді.

«Ресей Федерациясымен экономикалық ықпалдастық негізінде одақтастық қатынастарды дамыту біздің сыртқы саясатымыздың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінгі күні бұл бағыттағы ең басты мәселе сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюі мен ЕурАзЭҚ шеңберінде, ҰҚШҰ аясында өңіраралық ықпалдастықты дамыту болып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан - Ресей тандемі ауқымды Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың мығым факторы болып табылады», - деді Е. Қазыханов.