Қазақстан, Ресей, және Беларус адами даму деңгейі жоғары елдердің қатарына кіргізілді

НЬЮ-ЙОРК.  Қазанның  6-сы.  ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - БҰҰ Даму  бағдарламасы адами  әлеуеттің даму индексі бойынша  182 елдің рейтингі көрсетілген 2009  жылдың баяндамасын   жариялады.

Қазақстан, Ресей, және  Беларус   адами даму  деңгейі жоғары елдердің  қатарына      кіргізілді

Баяндама авторлары -   тәуелсіз халықаралық  сарапшылар  тобы    адами даму   деңгейі ең  жоғары  38 мемлекетті анықтады.  Олардың   ішінде Норвегия, Австралия, Исландия, Канада, Ирландия, Нидерланды, Швеция, Франция, Швейцария және  Япония елдері көш бастап  отыр.   Құрама Штаттар   бұл тізімде 13-ші  орында.

Адами даму  деңгейі  жоғары   мемлекеттердің санатына Эстония (40), Литва (46), Латвия (48), Беларус (68), Россия (71) және Қазақстан (82)  кіріп  отыр.   Бұрынғы кеңестік   республикалар     даму  деңгейі  орташа   елдердің  қатарына  жатқызылды: Армения (84), Украина (85), Әзірбайжан (86), Грузия (89), Түрікменстан (109), Молдова (117), Өзбекстан (119), Қырғызстан (120), Тәжікстан (127). 

Адами  әлеуеттің   ең  төменгі даму   деңгейі Орталықафрикалық  республикада, Сьерра-Леоне, Ауғанстан  және Нигерияда.   Қытай мен Үндістан     дамуы   орташа деңгейлі елдер ден танылды,   олар   рейтингте   сәйкесінше 92-ші және   134-ші  орындарда.

 Адами  әлеуеттің  даму  индексін  есептеуде  сарапшылар    адамның  өмір  сүру   ұзақтығын,     жан  басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді,     халықтың сауаттылық   деңгейін,  азаматтық бостандықты,  экологияның жағдайын  және т.б.  мәселелерді  ескерген.