Қазақстан, Ресей және Беларусь Еуразиялық аккредитация ұйымын құруды көздейді

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кедендік одақ аясында Еуразиялық аккредитация ұйымы құрылады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық акредиттеу орталығының бас директоры Тимур Нұрашев мәлім етті.
None
None

 Орталық басшысы атап көрсеткендей, Кедендік одақ аясында аккредитация жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына Қазақстан, Ресей және Беларусьтың техникалық реттеу органдарының басшылары мен аккредитация бойынша ұлттық орталықтардың жетекшілері кіреді. «Аталған жұмыс тобының соңғы отырысында аккредитация бойынша Еуразиялық ұйымды құру мәселесі көтеріліп, үш мемлекет ол бастама қолдады. Алдағы уақытта аккредитацияның нәтижесін өзара үйлестіріп, ол жұмысты бір арнада жүргізу осы ұйымның негізгі мақсат-міндеті болмақ», - дейді Т.Нұрашев.

Соңғы жаңалықтар