Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан Ресейде өткен танк биатлонында төртінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Алабино елді мекенінде өткен танк биатлонының финалында қазақстандық команда төртінші орын алды, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстан Ресейде өткен танк биатлонында төртінші орын алды

Тартысқа толы жарыстың қорытындысы бойынша бірінші болып мәре сызығын ресейліктер кесті. Олардың нәтижесі - 1 сағат 12 минут. 1 сағат 19 минут нәтижесімен Қытай командасының танкі екінші болып жетті. Ал, үшінші орынды 1 сағат 24 минутта межелі қашықтықты еңсерген Сербия командасының танкі жеңіп алды.

Қазақстандықтар 1 сағат 24 минут дегенде мәреге жетіп, төртінші орын алды.