Қазақстан Ресейде шығарылған «Элерон» ұшқышсыз басқарылатын аппаратын алуға ынталы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД-ның бірқатар елі, соның ішінде Беларусь пен Қазақстан «Элерон» түріне жататын ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын алуға ынталы. Қазіргі кезде келісімшарт жасасар алдындағы келіссөз жүргізіліп жатыр, деп хабарлады МАКС-2015 әуеғарыш салоны барысында «Эникс» ұшқышсыз басқарылатын аппаратты шығарушы компаниясының (Қазан қаласы) директоры Валерий Побежимов.

Қазақстан Ресейде шығарылған «Элерон» ұшқышсыз басқарылатын аппаратын алуға ынталы

Еске сала кетейік, тамыздың 25-30-ы аралығында МАКС-2015 Халықаралық әуеғарыш салоны Мәскеу түбіндегі Жуковский кентінде өтуде. Биылғы көрменің ауқымы кең, стационарлық және уақытша павильондар 28 мыңнан астам шаршы метрді құрады. Салонға 584 ресейлік және шетелдің 30 мемлекетінен 156 корпорация мен компания қатысуда.

«Бізге үш шетелдік компания «Элерон» кешендеріне тапсырыс берді. Біздің өнімге ТМД елдерінен, соның ішінде Беларусь пен Қазақстаннан сұраныс бар», - деді Побежимов.