Қазақстан Ресейде сотталған маньякты елімізде жазасын өтеу үшін қабылдаудан бас тартты - И. Меркель

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресейде сотталған маньякты елімізде жазасын өтеу үшін қабылдаудан бас тартты. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель мәлім етті. Еске салсақ, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған болатын.

Қазақстан Ресейде сотталған маньякты елімізде жазасын өтеу үшін қабылдаудан бас тартты - И. Меркель

«Жақында ғана біз Ресейде сотталған азаматымызды қабылдаудан бас тарттық. Ол бірқатар жыныстық сипаттағы ауыр қылмыстары үшін сотталған еді. Шындығында, ол нағыз жеңсікқұмар маньяк, 24 жылға сотталған болатын», - деді Бас прокурор орынбасары депутаттар сауалына жауап бере отырып. Оның айтуынша, мұндай шешім негізінен әлгіндей маньяктың елімізде жазасын өтеп, кейін бостандыққа шығуы еліміздің ұлттық мүдделеріне қайшы келетіндіктен қабылданып отыр. «Сосын егер өз Отанында жазасын өтеу туралы сотталушы өтініш жасап, ал оған Қазақстанда тағайындалатын жаза жеңілдеу болса, онда да сотталғандар үшін бас тартылады», - дейді И. Меркель.