Қазақстан Ресейден 50 мың тонна бензин жеткізетін болды

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «ҚазМұнайГаз» Ресейден 50 мың тонна жоғары октанды бензин жеткізетін болды.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Бірыңғай экономикалық кеңістікке интеграциялану және әлемдік экономиканың турбуленттілігі жағдайында Қазақстан Республикасының ортамерзімдік экономикалық саясатының негізгі аспектілері» атты дөңгелек үстел отырысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бүгін немесе ертең Үкіметтің қаулысы шығады. Онда «ҚазМұнайГаз» компаниясына Ресейден 50 мың тонна бензин жеткізу қажеттігі көрсетілген. Ал «Самұрық-қазына» әл-ауқат қоры аталмыш шарамен байланысты пайда болуы ықтимал қаржылық кері әсерлермен күресуі керек. «Түптеп келгенде аталмыш шара жанар майға деген бағаның шарықтауы тұсында мәселенің шешімі болып отыр. Біз сонымен қатар осындай тәсілдер арқылы инфляцияның да шарықтауына жол бермейміз»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда еліміздегі жанар майға деген бағаның айырмашылығы Ресеймен салыстырғанда 40 пайызға жетті. «Бұл өте көп мөлшер. Бұл тек Мұнай және газ министрінің шешімі ғана емес, алдын ала келісілген шара. Осы тәсіл арқылы біз бензин бағасына қатысты мәселені реттеп отырмыз. Әрине, әдетте мұндай әрекеттердің салдары да болмай қоймайды»,-деді С.Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар