Қазақстан Ресейден бензин импортын арттырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресейден импортталатын бензин көлемін арттыратын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Ресейден бензин импортын арттырмақ

Оның атап өтуінше, мұндай қадам бензин тапшылығына жол бермеу үшін жасалуда.

«Бағалауымызша қыркүйек айында импорт көлемі шамамен 90 мың тоннаға ұлғайды. Яғни, іс жүзінде екі есеге көбейді. Егерде оған дейін импорт үлесі 15 пайыз болса, қыркүйекте шамамен 30 пайызға жетті. Дегенмен, барлық компаниялар бірдей импортпен айналыса алған жоқ. Себебі бізде бөлшек бағаны реттеу тұрғысында заңнама барынша қатаң. Яғни, бөлшек бағаның бір мезетте кез келген көтерілуі бағаға ымыраласу ретінде бағаланады. Осыған байланысты компаниялардың бір бөлігі импорттық жеткізілім жасамады. Соған байланысты қыркүйек айында аталған 90 мың тонна импорт болғанның өзінде қыркүйек айында қалған қалдық оның алдындағы аймен салыстырғанда төмендеді», - деді Әсет Мағауов.

Оның сөзіне қарағанда, жанар-жағармай нарығындағы орын алып отырған жайтқа байланысты Энергетика министрлігі отандық компаниялардың басшыларымен импортты күшейту мақсатында кеңес өткізген.

«Шамамен 20 мың тоннаны Газпромнефт импорттауы тиіс. ҚазМұнайзГаз 10 мың тоннаға келісімшарт жасасты, 20 мың тоннаға арналған қосымша келісімшарт қол қою кезеңінде тұр. Меніңше, бүгін-ертең оған қол қойылады. Бұған қоса, Гелиос, Синойл компаниялары Уфа тобына кіретін зауыттардан 20 мың тонна жеткізу жайын талқылауда», - деді вие-министр.

Бұл мәселені министрлік ресейлік әріптестерімен байланысқа шығып, үнемі бақылауда ұстауда.

«Бүгін Роснефть вице-президетімен жеткізілімді жетеделдету мәселесі бойынша сөйлестік. Олардың тарабынан қолдауды көріп отырмыз. Қазақстанға кемінде шамамен 100 мың тонна импортталады деп жоспарлаудамыз. Біздің солтүстік облыстарымызға жеке тәртіппен импорттың келіп жатқанын ескерер болса, онда 100 мың тоннадан артық болады деп ойлаймыз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айдан бері елімізде АИ-92 маркалы бензин тапшы болуда.