Қазақстан Ресейден дизель отынын темір жолмен тасымалдауға бір айға тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінен бастап Қазақстан Ресей Федерациясынан дизель отынын темір жолмен тасымалдауға бір айға шектеу енгізді.

Қазақстан Ресейден дизель отынын темір жолмен тасымалдауға бір айға тыйым салды

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 - 2710 19 480 0) темір жол көлігімен әкелуге 2015 жылдың 20 сәуірінен 20 мамырына дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін»,-делінген министрліктің бүгін жариялаған мәліметінде.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (ҚР ЭМ) 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісілген түрде «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойылды.

Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап өз күшіне енеді.