Қазақстан ресейлік туристер үшін танымал 5 елдің қатарында тұр

ТурСтат мәліметтері бойынша, Ресейден Қазақстанға сапарлау туризмі 2017 жылдың 6 айында 1 млн 275 мыңға жетіп, Ресейден сыртқа сапар шегетін туристердің жалпы санының 8 пайызын құрады.
Абхазия (1,668 мың рет сапар шеккен), Түркия (1,632 мың), Финляндия (1,540 мың), Қазақстан (1,275 мың), Украина (999 мың), Қытай (947 мың), Эстония (817 мың), Польша (589 мың), Таиланд (576 мың) және Германия (570 мың) 2017 жылдың 6 айында ресейлік туристер ең көп келген елдердің қатарында тұр.
Ресейліктер үшін жағажай мен курорттық бағыттағы демалыс орындарының қатарында 2017 жылғы көрсеткіштер бойынша Түркия, Тайланд, Италия, Испания, Грузия, БАӘ, Кипр, Греция және Вьетнам тұр.
2017 жылы ресейліктер үшін ең танымал елдер:
1. Абхазия, 1,668 мың. (+8%)
2. Түркия, 1,632 мың. (+871%)
3. Финляндия, 1,540 мың. (+22%)
4. Қазақстан, 1,275 мың. (+2%)
5. Украина, 999 мың. (+22%)
6. Қытай, 947 мың. (+33%)
7. Эстония, 817 мың. (+17%)
8. Польша, 589 мың. (+1%)
9. Таиланд, 576 мың. (+31%)
10. Германия, 570 мың. (+22%)