Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасты бағалайды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері мен РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттерінің мүшелері екіжақты ынтымақтастықты дамытуды, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы жұмыстарды үйлестіру мен өзара әріптестік мәселелерін талқылады.
None
None

«Қазақстан елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып келеді. Биыл ҚР мен РФ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 26 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастары тұрақты стратегиялық әріптестік сипатын алды. Елдер халықаралық бейбітшілікті нығайту, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі аса ауқымды мәселелерді шешуде сенімді одақтас болып табылады. Елдеріміз көп жағынан өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр десек артық айтқандық болмас», - дейді ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.

Ол елдер арасында 200-ден астам келісімдер мен шарттардан тұратын ауқымды келісімшарттық-құқықтық база қалыптасқанын тілге тиек етті.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы, Парламентаралық одақ аясындағы және екіжақты негіздегі парламенттік байланыстар Қазақстан-Ресей саяси ынтымақтастығының құрамдас бөлігі болып табылады. Соңғы 10 жылда Парламент ратификациялаған ҚР және РФ арасындағы 50-ден астам келісім елдердің экономикалық интеграциясын жандандыра түсті.

Қазақстан делегациясының басшысы Қазақстан мен Ресей БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, тағы басқа халықаралық ұйымдар аясында да белсенді ынтымақтастық етіп келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстан БҰҰ-дағы мүшелігін Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатына пайдалануға, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды реттеуге ерекше мән беруге ниетті. Қазақстан Мемлекет басшысының ядролық қаруды таратпау, лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресте «Әлем. 21-ғасыр» Манифесінде айтылған халықаралық бастамаларын алға тартады. Ол Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі күн тәртібінің құрамдас бөлігі саналады», - деді Д. Назарбаева.

Өз кезегінде РФ ФК төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов Қазақстан делегациясының сапары жүйелі стратегиялық әріптестіктің көрінісі, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық қатынастардың табысты жүзеге асырылып отырған стандарты екенін айтты.

«Бұл парламентаралық өзара ынтымақтастыққа да тиісті. Бүгінгі кездесу - жаңа форма, жаңа тәжірибе әрі практика», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар