Қазақстан Ресеймен шекараны демаркация бойынша 124 отырыс өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-23 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма төртінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
«Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды. Комиссияның 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, сондай-ақ Комиссияның 2023 жылға арналған жұмысының жоспар-кестесін бекітті», - делінген министрлік хабарламасында.
Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қаңтар айының соңында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.
Фото: gov.kz