Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылға аң аулау мерзімін ауыстыру туралы бұйрығы бекітілді

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Ресупбликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылға арналған аң аулау мерзімін ауыстыру туралы бұйрығы бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылға аң аулау мерзімін ауыстыру туралы бұйрығы бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы Аң аулау ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 25-тармағына сәйкес және республикадағы өрт қауіпсіздігі жағдайының көбеюіне байланысты бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының аумағында күз кезеңінде аң аулау мерзімін бастау 2010 жылғы 1 қыркүйектен 16 қыркүйекке ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті тұрғындарды Ереженің сақталуы және мерзімінің ауысқаны туралы хабарландырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне (Е.Н. Нысанбаев) жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республи­ка­сының Әділет министрлігінде, белгілеген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жария­лан­ған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр А. КҮРІШБАЕВ