Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Институтында салалық біліктілікті арттыру курсы өткізіледі

атты тақырыпта сотта мемлекет мүддесіне өкілдік жасайтын облыстық және оған теңестірілген прокуратуралардың басқарма бастықтарына арналған салалық біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.
Прокуратура органдарының біліктілігін арттыру курсының негізгі мақсаты - алқабилердің қатысуымен өткен сотта мемлекет мүддесіне өкілдік жасаудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.
Курстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сот актілерінің заңдылығына және сотта мемлекет мүддесіне өкілеттік ету департаментінің бастығы Б.Шермұхамбетов, Бас прокуратура Институтының директоры С.Тұрсынбекова қатысады.
Семинарға ҚР Жоғарғы Сотының, Астана қалалық сотының судьялары және отставкадағы судьялар, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Қаржы полициясы қызметкерлері, Дін істері бойынша агенттік өкілдері мен еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен сарапшылары қатысады.
Арнайы салалық курс бағдарламасы алқабилердің қатысуымен өткен қылмыстық істің сотында мемлекет мүддесіне өкілдік жасаудың, алқабилердің қатысуымен соттардың тәжірибесі, азаматтық-құқықтық салада прокурорлық есепті құру мәселелері, көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнері мәселелерін, құқықтық іс жүргізудің негізі, терроризмге және экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелерін нақтылайды.
Аталған семинар аясында прокурорлардың іскерлігі мен жұмыс тиімділігін арттыру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту және берілген тапсырманы тиімді орындауды дамытатын тренингтер өткізіліп, семинар тыңдаушыларына арнайы нұсқадағы сертификаттар беріледі.