Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың ережесі бекітілді

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесі бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың  ережесі бекітілді

ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы №204 бұйрығы

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау ережесі (1-қосымша) бекітілсін.

2. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А.Жансейітов) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының (2-қосымша) күші жойылсын.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр С. Баймағанбетов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Ж. Түймебаев
2010 жылғы 26 мамыр

ҚР Әділет министрлігінде 2010 жылы маусымның 18-інде №6301 нөмірмен тіркелді.