Қазақстан Республикасы Парламентінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің жоғарғы өкілетті органының бірлескен отырыс залында Қазақстан Республикасы Парламентінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шараны ашқаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев оқып берді.
Қос Палаталы Парламенттің қалыптасуы мен дамуы туралы Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов баяндама жасады.
Салтанатты жиналысқа Парламенттің екі Палатасының депутаттары, мемлекеттік билік органдарының, саяси партиялардың, дипломатиялық корпустардың, қоғамдық бірлестіктердің, діни конфессиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.