Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну аяқталды
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 20 ақпанда 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну аяқталды
ҚР Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2011 жылғы 20 ақпан күні кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Барлығы 22 кандидат ұсынылды. Олардың 3-еуін - саяси партиялар, 1-еуін - қоғамдық бірлестіктер ұсынған, 18-і - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылғандар. Ұсынылған кандидаттардың 18-і - ерлер, 4-і - әйелдер.
У.Ә. Қайсаров, лингвистикалық комиссияның 2011ж. 8 ақпандағы № 2 шешіміне сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. ҚР ОСК-ның 2011 ж. 9 ақпандағы № 18/28 қаулысымен Президенттікке кандидат У.Ә.Қайсаров Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келмейді деп белгіленді. ҚР ОСК-ның 2011 ж. 14 ақпандағы № 22/33 қаулысымен У.Ә. Қайсаровты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.
З.Ж. Масина 2011 ж. 15 ақпандағы өтініші бойынша өз кандидатурасын алып тастады.
А.Х. Асылбек лингвистикалық комиссияның отырысына келмеуіне байланысты оның мемлекеттік тілді еркін меңгеруі бөлігінде Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келуі анықталмауы себепті ҚР ОСК-ның 2011 ж. 21 ақпандағы № 28/44 қаулысымен оны Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.
Қ.С. Есжанов, лингвистикалық комиссияның 2011 ж. 15 ақпандағы № 7 шешіміне сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. ҚР ОСК-ның 2011 ж. 16 ақпандағы № 23/34 қаулысымен Қ.С. Есжанов Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келмейді деп белгіленді және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.
С.К. Нұрсила, лингвистикалық комиссияның 2011 ж. 17 ақпандағы № 10 шешіміне сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Алайда сол күні өтініші бойынша өз кандидатурасын алып тастады.
Т.Н. Баймурзин лингвистикалық комиссияның 2011 ж. 18 ақпандағы № 11 шешіміне сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. ҚР ОСК-ның 2011 ж. 19 ақпандағы № 26/38 қаулысымен оның Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келмейтіні белгіленді және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.
М.Т. Қарамаева лингвистикалық комиссияның 2011 ж.19 ақпандағы № 14 шешіміне сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. ҚР ОСК-ның 2011 ж. 20 ақпандағы № 27/41 қаулысымен оның Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келмейтіні белгіленді және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.
А.О. Құнанбаев лингвистикалық комиссияның 2011 ж.20 ақпандағы № 15 шешіміне сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. ҚР ОСК-ның 2011 ж. 21 ақпандағы № 28/42 қаулысымен оның Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келмейтіні белгіленді және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылды.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынылған 14 кандидат қалды.
Конституция мен сайлау туралы заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған барлық кандидаттарға Ортсайлауком олардың кандидатураларын қолдап азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын берді.
Бір кандидат тіркелді.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеу 2011 жылғы 2 наурызда аяқталады.