Қазақстан Республикасы суларындағы жолаушылар тасымалы кемелерін екі апталық тексеру жұмыстары аяқталды - ККМ
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері 12- 27-ші шілде аралығында жоспардан тыс жолаушылар тасымалын атқаратын кемелерді, яғни, олардың пайдалану қауіпсіздігі талаптарын орындауға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді,
деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Осы шара бойынша 69 кеме тексерілді.
Нәтижесінде от қауіпсіздігі ережелерін сақтамау; тиісті құжатсыз кеменің жүзуге жіберілуі, оның техникалық жағдайының құжаттардағы мәліметтермен салыстырғанда сәйкес келмеуімен қатар экипаждың жабдықталуынсыз шығуы; техникалық байқаусыз немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген күйінде кемені жүргізу; кемені жүргізу құқығы жоқ тұлғаның жүргізуі; қауіп-қатер дабылына үйрету жұмыстарының жүргізілмеуі сияқты заң бұзушылықтар анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жоюға 28 ұйғарым берілді және тоғыз кемені пайдалануға тыйым салынды.
Жоспардан тыс тексеруге дейінгі тыйым салынған кемелерді қосқанда қазіргі кезде тыйым салынған кемелер саны 34-ке жетті.