Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің қоры қазақ романстары циклын құруға байқау жариялайды

АЛМАТЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - ҚР тұңғыш Президентінің қоры қазақ романстары циклын құруға байқау жариялады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Оған  жасы 18-40 аралығындағы, Қазақстан азаматы болып табылатын арнаулы орта және жоғары оқу орындарының композиция кафедрасының студенттері мен түлектері қатыса алады.  Байқауға қатысушылар мемлекеттік тілдегі 4-7 әндік туындылардан  тұратын романстар циклын ұсынулары тиіс.

Өтініш беру мерзімі - ағымдағы жылғы қазанның 15-іне дейін.  Іріктеу комиссиясының  құрамына еңбек сіңірген өнер қайраткерлері,  ҚР тұңғыш Президенті  қоры жанындағы Жастар шығармашылық кеңесінің мүшелері  және  ұйымдастыру комиссиясының мүшелері кіреді.  Байқау қорытындысы бойынша 1-орынға - 300 000 теңге, екінші орынға - 200 000 теңге және үшінші орынға - 100 000 теңге сыйлықтар беріледі. Дипломаттар 50 000 теңгеден алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жұмыстары «Таңдаулы романстар» жинағына енгізіледі.

Байқаудың міндеті мен мақсаты -  бірегей мәдени құбылыс ретіндегі қазақ романстарын насихаттау, ұлттық дәстүрлердің орындалуын сақтау және қайта жаңғырту,  отандық сазгерлердің күшімен  жаңа отандық ән туындыларын  жасау,  жаңа дарынды сазгерлерді анықтау және олардың шығармашылығын жұртшылыққа таныстыру.

Соңғы жаңалықтар