14:25, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1309 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулыға қол қойылды
АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1309 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулыға қол қойды.
ҚазАқпарат қаулының мәтінін жариялайды.***Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2008 жылғы 31 желтоқсан № 1322 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1309 қаулысының күші жойылды деп тану туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. ?Мемлекеттік сатып алу туралы? Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1309 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 606-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.