Қазақстан Республикасы ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталығы қызметінің ағымдағы жылғы жұмысы қорытындыланды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - 28 желтоқсан күні Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Лаңкесттікке қарсы күрес орталығы Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Лаңкестікке қарсы күрес орталығы жұмысының ағымдағы жылғы жұмысы қорытындыланды.
ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 республикалық министрлік пен ведомстволардың жетекшілері мен өкілдері лаңкестікке қарсы күрес саласындағы бірлескен іс-шараларды одан әрі жандандыру мәселесін талқыға салды. Комиссияның 2011 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды.