Қазақстан Республикасында 2010 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,7 трлн.теңгені құрады

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 4,7 трлн. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасында 2010 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,7 трлн.теңгені құрады

Ведомствоның баспасөз баянында хабарланғанындай, қаражаттың едәуір бөлігі (50,9%) ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, 26,5% - машиналар, жабдықтар, аспаптар және мүкәммалдарды сатып алуға, 22,6% - өзге де жұмыстар мен шығындарға бағытталған.

млрд. теңге

2009 ж. %-бен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар, барлығы

4653,5

97,0

олардан:

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

83,6

103,4

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

1652,0

105,8

Өңдеу өнеркәсібі

413,1

104,5

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

335,4

137,8

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

186,3

121,8

Құрылыс

55,5

120,3

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

96,3

84,9

Көлік және қоймалау

734,5

72,9

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

26,3

80,8

Ақпарат және байланыс

59,1

71,1

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

382,8

102,3

Білім беру

140,6

93,0

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

154,9

133,1

Өнер, ойын-сауық және демалыс

84,5

101,9