Қазақстан Республикасының 7 мыңнан астам тұрғыны «Жеңіс мұрагерлері» акциясына ат салысты
деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «KazEnergy» Мұнай-газ және энергетикалық кешендері ұйымдары қауымдастығының бастамасы бойынша ұйымдастырылған «Жеңіс мұрагерлері» акциясының аясында Астана қаласы мен Атырау облысының 150 ардагеріне арналған ресми қабылдау өтті, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан және Ресей ардагерлерінің кездесуі: 65 жылдан соң» айдарымен «Астана-Мәскеу» телекөпірі өтті, символикалық «Естелік тақта» орнатылды, Қазақстандық ардагерлер үшін құттықтаулар мен ыстық ықыластарға толы sms және дыбыстық хабарламаларды қабылданды, www.nur.kz сайтында ресми парақ ашылды.
Мамырдың 1-і мен 9-ы аралығында аталмыш акцияға еліміздің 7 мыңнан астам азаматы атсалысты. 400-дей Beeline және Kcell/Active абоненттері, www.nur.kz сайтының 100-ден астам қонақтары, - 8 800 080 22 22 нөміріне (Call Centre) телефон шалушы ондаған азамат ардагерлерге деген құттықтау сөздері мен шын жүректерінен шыққан жылы лебіздерін білдірді. Аталған хат-хабарлар www.65.nur.kz сайтына орналастырылды.
Ал мамырдың 7-сі мен 9-ы аралығында шамамен 7 мыңдай астаналық пен қала меймандары «Астана-Бәйтерек» монументінің және «Конгресс-Холл» ғимаратының алдында орнатылған символикалық «Естелік тақталарға» өздерінің тілектерін жазып қалдырды.
«Жеңіс мұрагерлері» акциясын Астана қаласының әкімшілігі, «Мұнайшы» қоғамдық қоры, «Нұр-Медиа» холдингі, «ҚазҚұрылысСервис» АҚ-ы, «Статойл» компаниясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Астана» телеарнасы, «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігі, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Инфо-Цес», «МК в Казахстане», «Вечерняя Астана», www.kazakh.ru газеттері қолдау көрсетті.