«Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңес төрағасының міндетін атқарушы болып Ө.Озғанбаев сайланды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін өткен «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің президиум отырысында ұйымдастыру жағынан бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлады бірлестіктің баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңес төрағасының міндетін атқарушы болып Ө.Озғанбаев сайланды

Атап айтқанда, 2009 жылдан бері ұйымды басқарып келген бірлестіктің орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменовтің Парламент Мәжілісіндегі белсенді заң шығармашылық қызметіне байланысты атқарып отырған қызметінен босату туралы өтініші қолдау тапты.

Президиум мүшелері бірауыздан дауыс беру арқылы Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаевты орталық кеңес төрағасының міндетін атқарушы ретінде сайлады және оның кандидатурасын орталық кеңес пленумының қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады, пленумда оны Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы лауазымына бекіту туралы мәселе қаралады.

Өмірзақ Озғанбаевтың басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған.