19:17, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Қазақстан Республикасының Әскери сотына судьялар тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев ҚР Президентінің 2015 жылғы 25 мамырындағы №29 Жарлығымен Әскери сотқа тағайындалған судьялар М.Молышев пен Ш.Майшыбаевты таныстырды, деп хабарлайды ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінен.

Судья М.Молышев әскери сот саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, 2010 жылдан Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы болған. Ал Ш.Майшыбаев 2004 жылдан бастап Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы қызметін атқарған.