Қазақстан Республикасының аумағында теле- және радиоарналарды есепке алу стандарттары бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 12 қыркүйек
№ 1183 Астана, Үкімет Үйі
«Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Осы қаулымен бекітілген, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағын, 11-тармағының бірінші бөлігінің 4) тармақшасын, 11-тармағының төртінші бөлігінің 2) тармақшасын және 16-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасын және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағын, 11-тармағының бірінші бөлігінің 4) тармақшасы, 11-тармағының төртінші бөлігінің 4) тармақшасын және 16-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Толық мәтіні